Баланы емшекпен емізу. Бұл нәресте үшін қаншалықты пайдалы?


Сүт балалардың энергетикалық қажеттіліктерін толығымен қанағаттандырады – бұл факт. Бала қанша қажет болса, сонша емеді.
Бөтелкемен тамақтандыру кезінде, белгілі бір мөлшерлерге бейімделу керек.
Сонымен қатар, емшек сүтінде дәрумендер, ферменттер, гормондар және сәбидің өсуі мен дамуына қажетті басқа да биологиялық заттар бар.

Сүтпен бірге ана балаға өзінің иммунитетін-лизоцим,
иммуноглобулиндер және өзі ауырған әртүрлі ауруларға қарсы тұратын антиденелерді береді. Бұл сәбидің көтеген инфекциялардан қорғалғанын білдіреді.
Сондай-ақ, ана сүті ішекте пайдалы микрофлораның дұрыс орнығуына ықпал етеді. Бұл көптеген жылдар бойы асқазан-ішек жолдарының денсаулығына әсер ететіні дәлелденді.
Емшек сүтінің тағы бір үлкен пайдасы, оны жылытудың, зарарсыздандырудың қажеті жоқ. Бұл тамақтандыру процесін жеңілдетеді. Сонымен қатар, мұндай тағам ашып, бүлініп кетпейді және балаға ішек инфекциясын жұқтырмайды. Емшек сүтімен емізу кезінде ана мен баласы арасында ерекше эмоционалды және психологиялық байланыс орнайды.

https://instagram.com/anyclass.supermama?igshid=MzRlODBiNWFlZA==


You may also like...