ВАКЦИНАЦИЯЛАУҒА ЖАТАТЫН КОНТИНГЕНТТІҢ 100%-Ы ҚЫРКҮЙЕККЕ ҚАРАЙ ВАКЦИНАҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛАДЫ – А. ЦОЙ
Қазақстанда өндірушілермен жүргізіліп жатқан келіссөздерді ескере отырып, ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстанның шамамен 10 млн.тұрғынын немесе тиісті контингенттің 100%-ын вакцинациялауға қолжетімділікті қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. 1 ақпаннан бастап өңірлерге «Спутник V» вакцинасының 611 мың дозасы жеткізілді. Вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Ертең өңірлерге кезекті 300 мың доза вакцина жеткізіледі деп күтілуде. Қосымша сәуір айында шамамен 1,4 млн.доза вакцина жеткізу күтілуде, бұл шамамен 2 млн. ел азаматтарының вакцинацияға қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда өңірлерде 916 егу пунктінде иммундау жүргізілуде. Бұдан басқа, алыс аудандарда, ұйымдасқан ұжымдарда, адамдар көп жиналатын жерлерде КВИ-ға қарсы вакцинация жүргізу үшін 233 көшпелі егу бригадалары жұмылдырылды. Иммундау науқанына 10 мыңға жуық медицина қызметкері тартылған. «Алматы, Нұр-сұлтан, Көкшетау қалаларында егу пункттері сауда орталықтарында, демалыс күндері вакцинациялауға болатын базарларда орналастырылған, бұл халықтың вакцинацияға қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді А.Цой. Сондай-ақ, 2021 жылдың 8 сәуірінен бастап «электрондық үкімет» порталы арқылы вакцинацияға жазылуға болады. Ол үшін азамат тіркеу аймағы бойынша медициналық ұйымды көрсете отырып, өтініш береді, медициналық ұйым вакцинация жүргізу уақытын көрсете отырып, өтінімдерді бөледі, содан кейін азамат «электрондық үкімет» порталында медициналық ұйымға баратын күні мен уақытын көреді. Қазақстанда өндірушілермен жүргізіліп жатқан келіссөздерді ескере отырып, ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстанның шамамен 10 млн.тұрғынын немесе тиісті контингенттің 100%-ын вакцинациялауға қолжетімділікті қамтамасыз ету жоспарлануда.