Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Павлодар қаласының №3 емханасына барып қайтты.

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Павлодар қаласының №3 емханасына барып қайтты.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысына цифрландыру аясында атқарылған жұмыстар және covid-19 коронавирустық инфекциясымен күрес жөніндегі іс-шаралар туралы айтылды. Денсаулық сақтау министрі Павлодар қаласының №3 емханасын Павлодар облысына жұмыс сапары аясында аралады. Емхананың бас дәрігері Цифрлық Қазақстан аясында енгізілген жаңалықтарымен таныстырып өтті. Атап айтқанда, дәрігерлердің жұмыс кестесі, нормативтік-құқықтық база, АДҚ, МӘМС, СӨС іс-шаралары, кабинеттердің орналасу схемалары, бағалар прейскуранты туралы ақпарат берілетін “LED экран” ақпараттық киоскілерін тамашалады.Емханада ЖРВИ, пневмония, КВИ диагноздары бойынша шақыруларға шығып, қызмет көрсету үшін 13 мобильді бригада құрылды. Сондай-ақ медицина қызметкерлерін жедел және ұтымды пайдалану мақсатында сырқаттанудың өсуі кезінде болжамды индикаторлар айқындалды. Қазіргі уақытта тәулігіне 3-4 мобильді бригада жұмыс істейді. Олар тәулігіне орташа есеппен 30 шақыртуға дейін қабылдайды. Бұл көрсеткіш А жоспарына сәйкес келеді екен. Дәрігерлер қабылдауының онлайн-консультациясы енгізілді. Оларды қашықтық форматында өткізу үшін арнайы веб-камералар бар. Бұл өз кезегінде пациенттердің емханаға баруын және карантиндік іс-шаралар кезеңінде олардың медицина қызметкерлерімен байланысын барынша азайтуға мүмкіндік береді. ЖРВИ, пневмония, КВИ диагнозды барлық пациенттер аудио және бейне қоңыраулар арқылы бақыланады. Сондай-ақ, қонақтар ақпараттық-анықтамалық қызметтің, ресурстық орталықтың, тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ететін дәріхана пунктінің, сондай-ақ шұғылдықтың 4-санатындағы шақырулар бойынша қызмет көрсететін жедел медициналық көмек бөлімшесінің жұмысымен танысты.


You may also like...