Денсаулық
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы №175 Жарлығымен бекітілген 2016-2017 жылға арналған «Денсаулық» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2017 жылдың 22 тамызы күні «Салауатты өмір салтын қолдау орталығы» ЖШМ Павлодар қаласының № 5 емханасында №3, 5 және Теміржол ауруханасына қарасты оқу мекемелеріндегі медициналық қызметкерлерге арналған оқу-семинарын өткізді.
Медициналық мекемелер дәрігерлерінің қатысуымен төмендегі тақырыптарға дәрістер оқылды:
Білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық көмек көрсетудің ережелері – Сакенов Каппас Каримович – «Салауатты өмір салтын қолдау орталығының» дәрігері.
Балалар мен жасөспірімдер арасында вирустық гепатиттердің алдын алу шаралары – Серикова Айман Сериковна – Павлодар қ. №3 емханасының эпидемилог дәрігері.
Иммундық алдын алу инфекциялық ауруларға қарсы тосқауыл – Касымова Диана Маратовна – «Теміржол емханасы» АҚ-ның эпидемиолог дәрігері.