Вирустық гепатиттердің алдын алу айлығы.
Вирустық гепатиттердің алдын алу айлығы.
«Денсаулық» денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясындағы шараларды жүзеге асыру шеңберінде республика аймақтарында 2017 жылдың 24 шілдесі мен 22 тамызы аралығында тақырыбында Бүкіләлемдік вирустық гепатитке қарсы күрес күніне негізделген «Гепатитті бұғаттау» тақырыбындағы айлықтар өткізілуде.
Аталмыш айлық аясында емханада медицина қызметкерлеріне арналған семинар мен тұрғындарға берер ақпараты мол ашық есік күні өтті. Семинар барысында эпидемиолог жас мамаман А.С. Серикова сөз сөйледі. Өз сөзінде дәрігер вирустық гепатитке қарсы күрестің және алдын алудың негізгі тұстарын атап өтті. Емханаға келушілері тарапынан белсенді түрде қойылған өзекті сұрақтарға алдын алу бөлімінің қызметкерлері тиісті жауап берді.