Екпелерден бас тартқан тұлғалармен жұмыс жөніндегі комиссияның отырысы
ШЖҚ “Павлодар қаласының №3 емханасы” КМК 2018 жылғы 26 сәуірде екпеден бас тартқан тұлғалармен жұмыс жүргізу бойынша комиссияның вакцинацияның тиімділігі мен профилактикалық егу бас тартудың салдары туралы Павлодар облысының тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі Облыстық топпен бірлескен кезекті отырысы өтті.Отырысқа тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі Облыстық топтың мүшелері қатысты: З.К. Шадиева – облыстың қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы, А.Р. Абитова – КҚТДО УРР, Е.В. Митрофанова –”№5 Емхана” иммунологы,
Н.К. Смаилова – дәрігер-невропатолог, Н.К. Шотаева – ішкі саясат басқармасының қоғамдық-саяси жағдайды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, Ж.А. Жүсіпова – ЦПЗОЖ директорының орынбасары, сондай-ақ ШЖҚ “Павлодар қаласының №3 емханасы” КМК екпеден бас тартқан тұлғалармен жұмыс жүргізу бойынша комиссия: Г.О. Амиркенов – комиссия төрағасы, А.С. Серік – төрағасының орынбасары, О.К. Утюпов – қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының эпидқадағалау бөлімінің бас маманы, С.Н. Филиппова – бас мейірбике, В.А. Симик – иммундық профилактика дәрігері, А.К. Козыбаева – ОДО-2 бөлім меңгерушісі, А.К. Омарова – ОДО-1 бөлім меңгерушісі, З.Т. Канжигалинова – психолог.Ата-аналармен «Вакцинацияның тиімділігі және профилактикалық егулерден бас тартудың салдары» тақырыбына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді, комиссия қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.Отырыстың соңында қатысушыларға вакциналардың түрлері бойынша жадынамалар таратылды.