«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы.
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы.
Еліміздің еңсе көтеріп, егемендік алуына елеулі үлес қосқан тұлғалар аз емес. Оларды ұрпаққа ұлықтап, ізгілікті істерін насихаттауда түрлі шаралар атқарылып жатқаны айқын. Солардың бірі – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында атап көрсеткен «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы. Қазақстандағы 100 жаңа есім” жобасының ақтық кезеңі 2017 жылдың желтоқсан айында аяқталды. Көпшіліктің онлайн дауыс беруі нәтижесінде жобаның 102 жеңімпазы анықталды.
Бұл жеңімпаздардың ішінде Павлодар өңірінен біздің жерлестеріміз де бар. Олар: 1. Қуат Есенов – халықаралық олимпиадалардағы алты алтынның иегері. 2. Ерлан Рамазанов – балалар хирургі. 3. Алексей Лодочников – жас домбырашы-әнші. 4. Чернуцкий Максим – патриот, қоғам қайраткері, меценат, кәсіпкер. 5. Жанар Байсейітова – педагогика ғылымының кандидаты, профессор.
Үстіміздегі 2018 жылы ел көлемінде таңдалған 102 адамның қатарына алты қарағандылықтың есімі енді. Теміртаудағы кездесуге хирург Нурқаси Абатов пен нейрохирург Ғабит Махамбаев келе алмады. Учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Дәурен Алтаев, полковник, «Халық Қаһарманы» Қайрат Үмбетов, NOMAD MMA ұлттық аралас жепе-жек өнерінің негізін қалаушы Сергей Ан және Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің профессоры, медицина ғылымдарының докторы Роза Әлімханова мәртебелі меймандар қатарынан орын алды.
Айта кетерлігі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасын іске асыру нәтижесінде Қазақстанның дамуына қомақты үлес қосқан адамдардың нақты тарихы мысалында табыстылық идеяларын, меритократия мен бәсекелестік принциптерін, білім және прагматизм культын насихаттау және дамыту арқылы қоғам санасын рухани жаңғырту көзделеді.