Екпе салу – күл ауруынан қорғау.

📌Күл ауруы кең таралған, ауыр сырқат болып табылады. Күл ауруы облыста соңғы рет 2001 жылы тіркелген. Бірақ жағдай көптеген елдерде одан да қолайсыз болып қалуда. Сау бактерия тасымалдаушылардың саны азаймай отыр. Жыл сайын әлемде күл ауруынан шамамен 5 мың адам өлімге ұшырайды.
🦠Жұқпа науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлескен кезде ауаға түскен бактериялар арқылы таралады. Аңқа, мұрын, үстіңгі тыныс алу жолдарының сілемейлі қабығына түскен дифтерия таяқшасы көбейеді де, бір уақытта ерекше у – дифтериялық уытты бөледі. У жүрек, тамыр, орталық жүйке жүйесін зақымдайды.
🦠Күл ауруына шалдыққандар да, сондай-ақ «дені сау» тасымалдаушылар да тұрғындар арасында дифтерия таяқшасын тасымалдайды. Міне, сондықтан ауруға шалдыққандар науқастармен қарым қатынаста болғанын естеріне түсіре алмайды, себебі «дені сау» тасымалдаушылар денсаулығына шағымданбайды.
📌Күл ауруы жүрек бұлшық етінің, тыныс алу бұлшық еті мен диафрагманың, жұмсақ таңдай, бет жүйкесі, мойын, дене және аяқ қол бұлшық еттерінің сал болуына әкеп соғатын асқынуларды тудырады.

Балалар мен ересектерді күл ауруынан сақтаудың жалғыз тиімді жолы вакциналау болып табылады. Вакциналау бала кезінен басталып, 60 жасқа дейін жалғасады. Алғашқы екпелер 2,3,4 және 18 ай жасында басталады. Одан әрі екпе 6,12,16 жасында және әрбір 10 жылдан кейін егіледі.

Көп жылғы тәжірибе егілудің еселігі мен екпелер арасындағы аралықтың сақталу қажеттілігін растайды. Аталған шарттар сақталған жағдайда адам ағзасы күл ауруына шалдықпайды және тұрақты иммунитет қалыптасады.
Дұрыс егілген адамдар күл ауруымен ауырмайды. Егілген адамдардың иммунитеті төмендеп, немесе кезекті егілуді өткізіп алуымен байланысты жұқпаның жұқтырылу мүмкіндігі бірлі-жарым. Бірақ ауырса да ауру асқынусыз өтеді, өлім-жітімге ұшыратпайды.

📌Дифтерия является широко распространенным тяжелым заболеванием. Последний случай дифтерии в нашей области зарегистрирован в 2001 году. Но ситуация во многих странах остается еще тревожной. Не уменьшается число здоровых бактерионосителей. Ежегодно от дифтерии умирает в мире около 5 тысяч человек.
🦠Инфекция передается бактериями, попадающими в воздух при кашле, чихании или разговоре больного или носителя. Попав на слизистую оболочку зева, носа, верхних дыхательных путей дифтерийная палочка размножается, выделяет одновременно особый яд – дифтерийный токсин, который поражает сердце, сосуды и центральную нервную систему.
Распространителями дифтерии среди населения могут быть как больные дифтерией, так и « здоровые» носители дифтерийной палочки. Вот почему зачастую заболевшие не могут вспомнить, что были в контакте с больными, так как « здоровые» носители не жалуются на состояние здоровья.
🦠Дифтерия дает такие осложнения, как параличи сердечной мышцы, дыхательных мышц и диафрагмы, паралич мягкого неба, лицевых мышц, мышц шеи, туловища и конечностей.

❗️Европейская Неделя иммунизации
Казахстан, г. Павлодар 2023г
Единственно эффективным способом защиты детей и всех взрослых от дифтерии является вакцинация. Вакцинация начинается с раннего детства и продолжается до 60 лет. Первые прививки начинаются в возрасте 2,3,4 и 18 месяцев. Далее прививка проводится в 6 лет, у подростков в 16 лет и каждые 10 лет у взрослых.
Многолетний опыт подтверждает необходимость соблюдения кратности прививок и интервалов между прививками. Так как только при соблюдении этих условий возникает достаточно прочная невосприимчивость организма к заболеванию дифтерией.
❗️Правильно привитые люди не болеют дифтерией. Единичные случаи, когда привитые заражаются инфекцией, связаны со снижением уровня иммунитета, вследствие пропущенной очередной прививки. Но и в этом случае инфекция протекает в легкой форме, не развиваются осложнения и больные не умирают от дифтерии.


You may also like...