Емханада облыстың реабилитолог дәрігерлер қоғамы мүшелерінің жиналысы өтті.
Павлодар қаласының №3 емханасының базасында облыстың реабилитолог дәрігерлер қоғамы мүшелерінің жиналысы ұйымдастырылды. Дәрігерлер емхана жағдайында оңалтудың 3 кезеңін талқылады, сондай-ақ жарықпен емдеу мүмкіндіктерін қарастырды. Павлодар қ. №3 емханасының физиотерапия бөлімшесінің меңгерушісі Д.К. Билялова кардио-кардиохирургия, невро-нейрохирургия, травматология-ортопедия, ковид-пневмония бағыттары бойынша оңалтудың үшінші кезеңі туралы айтып берді. Сондай-ақ, әріптестеріне жарық қимасында қолданылатын кең спектрлі аппараттың мүмкіндіктері мен сипаттамалары туралы ақпараттық слайд ұсынды. “Кездесу барысында дәрігерлер соңғы жаңалықтар туралы біліп, тәжірибе алмасып, оңалту бөлімдерінің жұмысымен танысуға мүмкіндік алады. Бұл, әрине, оңалту саласындағы жұмыстың дамуына оң әсерін тигізеді”, – деп атап өтті реабилитолог дәрігерлер қоғамының үйлестірушісі, жоғары санатты дәрігер Н.В.Синяева.