Жазда ағзаға не демеу бола алады?
🌞Күн, ауа және су — біздің ең жақсы достарымыз, күн астында болу, күн ваннасында болу, күн сәулелері ағзаға D витаминін өндіруге көмектеседі. Бұл дәрумен иммундық жүйенің вирустар мен инфекцияларға қарсы тұру қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Алайда, күн астында болудың өз ережелері бар. Күн астында сағат 11-00-ден 15-00-ге дейін демалуға болмайды. Күн көзінен қорғайтын кремді қолданып, бас киім мен көзілдірік киіп жүру қажет. D дәруменнің тәуліктік мөлшерін алу үшін 30 минуттан 1 сағатқа дейін күн көзінің астында болу жеткілікті. Күнқақтылық — ағзаның ультракүлгін сәулелеріне қорғаныс болып табылады. Ал күннің күйуі иммундық жүйенің жұмысына зиян келтіреді. Сондықтан тікелей күн сәулесінің астындағы демалысқа сақтықпен қарау жөн.
🏃♂️Физикалық белсенділік
Жазда серуендеу, жүзу, велосипед тебу және басқа да көптеген физикалық жаттығулар қолжетімді болады. Бұл мүмкіндікті жіберіп алмау керек! Ашық ауада мүмкіндігінше көп уақыт өткізуге тырысыңыз — жұмыстан үйге қайтқанда жолдың бір бөлігін жаяу жүруге тырысып, демалыс күндерінді белсенділікпен өткізіңіз. Қалада серуендеп, спортпен шұғылданатын орындар, тренажерлар, стадиондар және т.б. орналасқан ойын алаңдары бар. Осының барлығы ағзаны айтарлықтай нығайтып, қыс мезгіліне иммунитетті арттырады.
🥱Ұйқы
Жазда шуақты күндер қысқа қарағанда ұзағырақ болады және бұл сіздің салауатты режиміңізді қалыптастыру үшін тамаша мүмкіндік. Ал ағзадағы дамыған биоритмдер иммундық жүйені нығайтып қана қоймай, уақыт өте күш қосады.
💪Жақсы желдетілетін жерде ұйықтаған жөн. Таза ауа ағзаны оттегімен қанықтырады. Бұған жауап ретінде дененің қорғаныс күштері күшейеді.