Жарақаттанудың алдын алу бойынша айлық 2017 жылғы 01 сәуірден 30 сәуірге дейін
Жарақаттанудың алдын алу бойынша айлық 2017 жылғы 01 сәуірден 30 сәуірге дейін
Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыру аясында, республика бойынша жарақаттанудың алдын алу бойынша айлық өтуде.
Жол-көліктік жарақаттану, суға бату, күю, құлау және улану сияқты жарақаттанудың түрлері 5-15 жас аралығындағы балалар арасындағы негізгі үш себептің бірі болып табылады.
Жарақаттану жағдайлары, оның ішінде жол-көлік апаттары, суға кетіп қалу, күйіп қалу, құлау мен улану адамның өз денсаулығына, сондай-ақ, өзге адамдардың денсаулығына деген жауапкершілігінің жеткіліксіздігінен, өзін-өзі сақтау тәртібі мәдениетінің болмауынан, жол жүру ережелерінің сақталмауы және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тәртіптің бұзылуынан болады.
Алдын алу шараларын бірнеше кезеңдер бойынша жасаған маңызды: отбасы және тұлғаның өзі, ұжым- мектеп, балаларға арналған мектеп және әлеует.
2016 жылдан бастап республикада жарақаттану кезінде медициналық көмек көрсетудің кіріктірілген моделі енгізілуде. Жол-көліктік оқиғадан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді жетілдіру бойынша іс-шаралар жарақат кезінде медициналық көмек көрсетудің кіріктірілген моделін енгізу бойынша Жол картасынан көрініс тапты. Осылайша, травматологиялық көмекті оқиға орнына жақындату, жедел жәрдем машинасының келу уақытын қысқарту және жарақат алушыны медициналық ұйымға тасымалдау мақсатында Травматология мен ортопедия ғылыми-зерттеу институты (ТОҒЗИ) облыстық денсаулық сақтау басқармаларымен (ДСБ) бірігіп, орталық аудандық ауруханалар базасындағы аймақ аралық травматологиялық бөлімдерін ашу жұмыстарын жандандырылды. Қазіргі уақытта республикада халыққа травматологиялық көмекті ТОҒЗИ-да көрсетеді. Дәлірек айтқанда, республикамыздың көп салалы стационарларының 120 травматология және күю бөлімдерінде, 256 травматологиялық БМСК кабинеттерінде және 60 травматологиялық пунктерінде халыққа жарақаттанудан көмек көрсетіледі.
Осы орайда аталмыш мәселе бойынша жұмыла жұмыс жасауымыз қажет.