Жол жүру ережелерін сақтау бойынша шаралар
Емхананың медициналық қызметкерлері №7 Балабақшаға барып қайтты. Салауатты өмір салты жөніндегі үйлеструші А.С.Зулпихарова және алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің психологі А.С.Теміргалиева балаларды жол жүру ережелерімен таныстырып өтті.🚥🚘👭
Шараға ересек топтың балалары қатыстырылды. Бағдарлама ойын түрінде дайындалған болатын. Балаларға мультфильм көрсетіліп, жол жүру ережелерінің негізін үйрететін ойындар өткізді.