ЖРВИ-ның алдын алу
ЖРВИ-ның алдын алу
Жедел респираторлық-вирустық инфекциялар (ЖРВИ) – тұмау, паратұмау, респитаторлық-синцитиалдық инфекция, риновирустық және аденовирустық инфекциялар мен басқа да жоғарғы тыныс жолдарының катарльді қабынуларын біріктіретін әлемде ең кең таралған ауру тобы. Жыл сайынғы анағұрлым айқын аурушаңдылық байқалатын эпидемиялар мен кезеңдік пандемияларды тудыратын, басқалармен салыстырғанда динамикалық саналатын жұқпа – тұмау. Ол ауа-сілекей жолымен таралады, өзіне тән белгілері ретінде дене температурасының жоғарылауы, бұлшық ет және бас ауруы, қатты мазасыздық, өнімсіз жөтел, тамақ ауру мен ринитты атауға болады.
Тұмау әдетте жеңіл әрі асқынусыз жүреді, алайда жекелеген жағдайларда, әсіресе қарт адамдардар мен жүкті әйелдерде, нәрестелер мен ілеспе ауытқулары бар адамдарда аурудың ауыр түрінінің дамып, асқынуына әкеліп соғады. Тұмауға қарсы екпе – маусымдық тұмауға қарсы тұруға және аурудан болатын асқынуларды болдырмауға көмектесетін қауіпсіз және анағұрлым әсерлі тәсіл.
Тұмау, ЖРВИ және пневмокок инфекцияларын жұқтырудан қорғайуға септігін тигізетін жалпы кеңестер ретінде келесілерді атауға болады: қорғаныш маскасын қолдану, қолды дезинфекциялаушы ерітіндімен неғұрлым жиі жуу, бөлмені жиі желдету, ылғалды жинауға жүгіну, ауру адаммен қарым-қатынасты шектеу.
Ағзаны қорғайтын негізгі құрамдас бөлігі ретінде дәруменге бай теңдестірілген тамақтану, жеткілікті деңгейде суды пайдалану, толыққанды демалыс, белсенді өмір салты, ағзаның кез келген ауруға төзімділігін төмендететін зиянды әдеттерден бас тарту.