“ЖРВИ. Тұмауға қарсы егу»

2018 жылдың 19 қыркүйегінде ШЖҚ “Павлодар қаласының №3 емханасы” КМК-да  Астана арнасымен “ЖРВИ. Тұмауға қарсы егу” тақырыбына сұхбат болды. Осы мәселе бойынша дәрігер-эпидемиолог А.С. Серік сөз сөйледі: 2018-2019 ж.эпидемияға қарсы кезеңде ШЖҚ “Павлодар қаласының №3 емханасы” КМК  тұмауға қарсы вакциналарды бөлу бойынша рұқсат қағаз берумен — 3425 доза алды. “Гриппол плюс” вакцинасы — тривалентті инактивирленген полимер-суббірлік. Өндіруші РФ “НПО Петровакс Фарм” ЖҚҰ. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2018 жылғы 27 наурыздағы №126 бұйрығына сәйкес, жыл сайын медицина қызметкерлеріне, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балаларға, алты айдан асқан жиі ауыратын балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының балаларына, бала үйлерінде медициналық бақылауға жататын балаларға, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместрінде жүкті әйелдерге, жүрек-тамыр жүйесі мен тыныс алу органдарының созылмалы ауруларымен ауыратын адамдарға және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тұмауға қарасы жүргізіледі. Вакцинациялау 2018 жылдың 1 қазанынан басталады.

 

 


You may also like...