Жылдың суық мезгіліндегі балалардың негізгі аурулары

Қыс-дәстүрлі түрде вирустық індеттердің уақыты. Балабақшалар мен мектептердегі карантиндер — әдеттегі іс, ең жиі кездесетін аурулар — тұмау және ЖРВИ және т.б. Павлодар қаласының №3 емхананың педиатр-дәрігері, БЖАБЖ үйлестіруші Айнаш Қауасқызы Қозыбаева осы аурулар туралы жиі кездесетін сұрақтарға жауап берді. Егер бала ауырып қалса, не істеу керектігін айтты. Жылдың суық мезгілінде балалар жиі ауыратыны белгілі. Осы кезеңдегі ауа-райының ерекшелігі аурудың ерекшелігін анықтайды. Бірінші орынға суық тию, кейбір ішек инфекциялары шығады, созылмалы қабыну ошақтары асқынады, ал мұз бен қар пайда болған кезде жарақаттану қаупі артады. Көптеген балалар күзгі-қысқы маусымда бес-алты рет суық тиюмен ауырып үлгереді. Балалардың жиі ауыруы –  үрейленуге, иммундық жүйені терең тексеру және күмәнді емдеу процедураларын жүргізуге себеп емес. Бала респираторлық инфекциялардың белгілі бір санымен ауруы керек — осының арқасында ол ересек өмірге иммундық жүйесін жаттықтырады. Өз сәбиінің ауру қаупін төмендету үшін ата-аналар алдын алу шараларын қабылдауы тиіс. Және барлық отбасы мүшелері үшін аурудың алдын алған жақсы.

WhatsApp Image 2019-11-29 at 10.58.24


You may also like...