«Келешек» жастар кеңесі

2018 жылғы 23 қазанда Павлодар облысы Ақсу қаласында «Казхром» ТҰК» Ақсу ферроқорытпа зауыты» базасында «Келешек» жастар кеңесінің көшпелі отырысы өтті, онда ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 5.10.18 жылғы Жолдауы талқыланды. Өз Жолдауында Н. Назарбаев алдағы 2019 жылды — Жастар жылы деп жариялады. Бұл іс-шараға әр түрлі қызмет салалары бойынша адамдар қатысты. Зауыт кәсіподағының төрағасы зауыт мұражайына, осы зауыттың болашақ мамандарының колледжіне экскурсия жасады. Сондай-ақ, зауыт қызметкерлері қызмет көрсететін медициналық мекемеге, спорт алаңына барды, онда қызметкерлер жаттығып, облыс бойынша 1-2 орын алады. Қазіргі уақытта «Келешек» жастар Кеңесіне 2019 жылға жұмыс істеу үшін жас көшбасшыларды қабылдау жүріп жатыр.

20181023_152853

20181023_171348

20181023_153957 20181023_153657_HDR


You may also like...