Көкжөтел — балалар арасында кеңінен таралған жұқпалы ауру.

🦠Науқас адам сөйлегенде, жөтелгенде, түшкірген кезде көкжөтел қоздырғышы ауа арқылы таралады. Көкжөтелді жаңа туған сәбилер алғашқы өмір кезеңінде ауыр көтереді.
👶Алдымен балада әдеттегі салқын тиу белгілері: мұрын біту, қызуының көтерілуі, жөтел пайда болады. Біртіндеп жөтел күшейіп, ұстамалы, көп қайталанатын жөтелге айналады.
🗣️Көп қайталанып, қажытатын жөтел ұстамасы бас миының қан айналымының бұзылуы мен оттегінің жетіспеушілігінен жүйке жүйесінің бұзылуы және әртүрлі деңгейдегі ақыл естің кемуіне әкелуі мүмкін.
🫁Көкжөтел өкпе қабынуы (пневмония) мен бас миының зақымдануы сияқты асқынуларымен қауіпті.
💉Көкжөтелден қорғанудың жалғыз ғана сенімді және тиімді тәсілі — екпе алу, ол 2,3,4 айда, 1,5 жаста (18 айда) және 6 жаста дифтерия мен сіреспе ауруына қарсы бір уақытта салынатын кешенді вакцина.


Читайте также: