Көп балалы отбасыға көмек
ШЖҚ «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМК медицина қызметкерлері көп балалы аналарды қолдаудың кешенді бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында біздің емханаға тіркелген отбасыларға тексеру жүргізді. №3 емхананың кәсіподақ комитеті Ленинск кентіндегі көп балалы отбасына азық-түлік өнімдері түрінде көмек көрсетті. Отбасы емхананың медицина қызметкерлеріне алғыс білдірді.