Медициналық ұйымдарда халықты COVID-19-дан вакцинациялау бойынша жұмыс басталды.
Өңірде короновирустық инфекцияға қарсы екпе жасауға ниет білдірген жандарды вакцинациялау бойынша жұмыс басталды. Коронавирустық инфекцияға қарсы екпе салдыру, тіркеу бойынша, медициналық ұйымдардың егу пункттерінде жүргізіледі. Бірінші болып коронавирусқа қарсы екпені медицина қызметкерлері және педагогтар салдырған болатын. Екпе алу үшін пациент учаскелік дәрігердің қабылдауына жазылуы тиіс. Егер қарсы көрсетілімдер жоқ болса, пациент вакцинациялауға жататын адамдардың тізіміне енгізіледі. Қазақстанда коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін әлемде тіркелген алғашқы вакцина – “Спутник V” немесе (Гам-КОВИД-Вак) қолданылады. Ол Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің Н.Ф.Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығында (ҒЗО) жасалған. Көптеген вакциналар сияқты, инъекция шприцпен, қол бұлшықетіне жасалады. “Спутник V” екі кезеңмен енгізіледі. Екі сатылы иммундау жүйесі әлемде өте таным әрі тиімді тәсілдердің бірі болып саналады.