МЕДИЦИНАЛЫҚ  ҰЙЫМҒА ТІРКЕЛУ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУІҢІЗ КЕРЕК?


🔴Қазақстанда 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін алғашқы медициналық-санитарлық көмек
ұйымдарына еркін тіркелу бойынша жыл сайынғы науқан басталады.
⁉️Емханаға калай тіркелуге болады және өтінім бойынша Сізге қанша уакытта жауап беру керек, инфографикадағы егжей-тегжейлі нұсқаулықтан біле аласыз.
⁉️Енді олардың ерікті медициналык, сақтандыру шарты (EMC) болуы тиіс. Кестеде механизм қалай жұмыс істейтінін көрсеттік.
📢Достар, тіркеу немесе қайта бекіту кезінде аумақтық қол жетімділік маңызды рөл атқарады.
Яғни, қажет болған жағдайда учаскелік дәрігер сізге көмек көрсетіп, үйде бақылап отыруы үшін тұрақы тұратын жеріңізде орналасқан емхананы таңдау қажет. Бұл әсіресе пандемия кезінде ете
маңызды.
✅Сондай-ақ, емхананы таңдау кезінде онын элеуметтік медициналык сақтандыру қорының жеткізушісі болы табылатынына немесе табылмайтынына міндетті түрде назар аударыңыз.
Бұл өте маңызды, өйткені Сіз ертең МЭМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығыңызды пайдалана алуыңыз осыған тікелей байланысты.
📍Тіркеуге қолжетімді емханалардынң тізімімен Қор www.fms.kz сайтында «Емхананы таңдау» бөлімінде танысуға болатынын ескертеміз.
☝️Және тағы бір өте маңызды ақпарат!
❗️Науқан кезеңінде МСАК ұйымына бекітіле отырып, Сіз онда медициналык, көмекті 2024 жылы
1 қаңтардан бастап қана ала бастайсыз. Яғни, 31
желтоқсанға дейін Сізге бұрын тіркелген емханада
қызмет көрсету жалғастырылады.
Ал науқан басталмайынша, медициналық
көмектен қол үзіп қалмау үшін өзіңіздің тіркеменізді тексеріңіз. Мұны тікелей тұрғылықты жеріңіз бойынша емханада немесе электрондық үкімет веб-порталында ЭЦК арқылы жасауға болады.


Читайте также: