“Мен тұмауға қарсы вакцинаны алдым, ал сіз?»

Тұмау – жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарын зақымдайтын жіті вирустық ауру, ол айқын интоксикациямен бірге жүреді және ауыр асқынулар мен өлімге әкелуі мүмкін.

Тұмауға қарсы эпидемиологиялық маусымның басында емхана қызметкерлері тұрғындарды вакцинация алуға шақырады.  ШЖҚ “Павлодар қаласының № 3 емханасы” КМК-да 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы “Мен тұмауға қарсы вакцинаны алдым, ал сіз?” атты ұранмен тұмауға қарсы вакцина салу басталды. Бюджеттік негізде №3 емхана 3425 доза көлемінде вакцина алды.  Жыл сайын қауіп тобындағы адамдар тегін вакцинациялауға жатады:

– медицина қызметкерлері

– медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балалар

– жиі ауыратын алты айдан асқан балалар

– жетім балалар мен балаларға арналған білім беру ұйымдарының балалары

– жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі жүкті әйелдер

– жүрек қантамыр жүйесі мен тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша тұлғалар

Сондай-ақ екпе алуға ниет білдірген тіркелген тұрғындар үшін тұмауға қарсы ақылы вакцинация жүргізіледі. Тұрақты вакцинация қорғау тиімділігін және тұмауға қарсы денелердің өндірілуін арттырады.

Толық ақпарат: тел. 65-44-58

 

P1150911

P1150898

 


You may also like...