«Отбасы күні»

2013 жылы Қазақстанда «Отбасы күні» – жаңа мерекесі бекітілген болатын, бұл мерекені қазақстандықтар алғаш рет 2013 жылғы 8 қыркүйек күні атап өтті. Мерекенің басты мақсаты –ел жұртшылығының назарын отбасының көптеген мәселелеріне аударту болып табылады. Қазақстан Республикасының президенті атап айтқандай – «ХХІ ғасырдың ортасында, отбасылары молшыдық пен тыныштықта өмір сүретіндер және балаларды жақсы тәрбиелеп, оларға сапалы білім беретіндер ең дамыған мемлекеттердің қатарына кіретін болады». Мемлекет басшысының Жарлығымен бұл күн қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтетін мейрам болып табылады.

       Мереке қарсаңында, ШЖҚ «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМК-да іс-шаралар шеңберінде, Қазақстандағы «Отбасы күніне» арналған қызметкерлер мен емделушілер үшін мерекелік шара өткізілді.

       Шара бағдарламасында емделушілер мен қызметкерлердің балалары үшін «Бақытта отбасы» атты балалар суреттерінің конкурсы ұйымдастырылды және қан құрамындағы глюкозамен холестеринді зерттеудің экспресс-диагностикасы жасалып, отбасы дәрігерлерімен психологтардың кеңесімен «Ашық есік күндері» өтті.  Клоундармен бірлесе балалар белсенді қатысып, сыйлықпен марапатталды. Біздің емханада Отан, ана, денсаулық туралы әдемі әндер мен әуендер шырқалып, емделушілер балаларымен бірге мейірімділік сағатына бөленді.      

P1060210

P1060244


You may also like...