Павлодар қаласында мемлекеттік органдарға онлайн-өтініш беруге арналған мобильді қосымша іске қосылды
Павлодар қаласында мемлекеттік органдарға онлайн-өтініш беруге арналған мобильді қосымша іске қосылды Павлодар облысының әкімдігі BTS Digital қазақстандық ИТ-компаниясымен бірлесіп «Менің Павлодарым» мобильді қосымшасын іске қосты. Сервистің міндеті – азаматтардың өтініштерін қабылдау және оларды шешудің тиімділігіне ықпал ету, сондай-ақ онлайн режимінде қалалық қызметтер мен сервистерді пайдалануға мүмкіндік беру. «Менің Павлодарым» — бұл Павлодар облысы тұрғындарының мемлекеттік мекемелермен өзара үйлесімді іс-қимыл жасауға арналған интернет-алаң, оның арқасында тұрғындар шағым бере алады және олардың орындалуын бақылай алады, әкімнің қабылдауына жазыла алады, қаланы жақсарту идеяларын ұсына алады, сауалнамаларға қатыса алады, өз қаласының ең өзекті оқиғалары туралы біле алады.