СКРИНИНГТІК тексерістен өтіңіз!
СКРИНИНГТІК тексерістен өтіңіз!
СКРИНИНГ — бұл ауруларды және қауіп факторларын ерте сатыда анықтау үшін дер кезінде емдеу, асқынулардың дамуының алдын алу мақсатында белгілі бір жастағы дені сау адамдарды профилактикалық-медициналық тексерулерден өткізу.
Қазақстанда скрининг тегін медициналық көмектің Кепілді көлемін көрсету тізіміне кіреді.
Біздің емханамызда бірнеше жылдар қатарында келесі скрининг түрлері жүргізіледі:
- 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64 жастағы еркектер мен әйелдерден қан айналу жүйесінің аурулары (артериялдық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы) мен қант диабетін ерте сатыда анықтау мақсатында антропометриялық өлшеулер (бойы, дене салмағы, белінің шеңбері), артериялдық қысымды өлшеу, глюкоза мен холестерин деңгейін анықтау жүргізіледі
- 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы еркектер мен әйелдерден глаукома ауруын (көз іші қысымыынң артуы) ерте сатыда анықтау мақсатында көз іші қысымын өлшеу жүргізіледі.
- 50, 52, 54, 56, 58 және 60 жастағы әйелдерден сүтбезі обыры мен ісік алдындағы жағдайды ерте сатыда анықтау мақсатында сүт бесінің рентгенологиялық зерттеуі (маммография) жүргізіледі.
- 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйелдерден жатыр мойнының обыры мен ісік алдындағы жағдайды ерте сатыда анықтау және патологиялық өзгерістерді жою мақсатында жатыр мойнынан алынған жағындының цитологиялық зерттеуі жүргізіледі.
- 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 және 70 жастағы еркектер мен әйелдерден тоқ ішек пен тік ішек обыры мен ісік алды ауруларын (калоректалды обырды анықтауға) ерте кезден анықтау мақсатында калдың жасырын қанға тестілеуі жүргізіледі.
- 50, 52, 54, 56, 58 және 60 жастағы еркектер мен әйелдерден өңеш пен асқазан обырын ерте сатыда анықтау мақсатында өңеш пен асқазанның эндоскопиялық зерттеуі (эзофагогастродуоденоскопия) жүргізіледі.
- 50, 54, 58, 62, 66 жастағы еркектерден қуықасты безінің обырын ерте сатыда анықтау мақсатында қан құрамындағы жалпы простат-ерекше антигенін анықтау жүргізіледі.
Қажет жағдайда және көрсеткіштері бойынша электрокардиография, отбасы денсаулығы орталығы дәрігері, кардиолог, эндокринолог, офтальмолог, акушер-гинеколог, маммолог, онколог, хирург, проктолог, гастроэнтеролог, уролог тексерісі жүргізіледі.
Егер Сізді скринингке шақырса, оны міндетті түрде өтіңіз!
Скрининг өзіңіз тіркеуде тұрған емханада жүргізіледі.