Тренинг
2019 жылы 15 мамырда «Достық үйі» базасында «Белсенді ұзақ өмір сүру» клубында ШЖҚ «Павлодар қ. №3 емхана» КМК психологтары З. Т. Канжигалинова, О. Е. Шалабаевамен «Күйзелістің алдын алу ретінде қарт адамдардың белсенді өмір сүру салты» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Тренингтің мақсаты қатысушылардың психологиялық денсаулығын нығайту, бұлшықет кернеуін түсіру және ыңғайсыздық жағдайында эмоциялық жағдайды реттеу. Тренингтің қатысушылары белсенділік танытып, кері байланыс пен рефлексия өткізілді.