Тұмауға қарсы вакцинация

🍂Күз келді, күзбен бірге бірге тұмау мен ЖРВИ маусымы басталды.
Маусымдық тұмау – тез таралатын жедел инфекция. Балалар, жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар адамдар және қарт адамдар – осал топтың қатарында. Вакцинация – бұл инфекциядан болатын ауруды азайтудың ең қауіпсіз және тиімді әдісі.
🏥ШЖҚ «Павлодар қ. №3 емханасы» КМК-да тұмауға қарсы егу жұмыстары қыркүйек айының ортасында басталды. Тұмау мен ЖРВИ-ді алдын алу мақсатында кәсіпорын қызметкерлері тұрғындар арасында белсенді ақпараттық жұмыс жүргізуде. Бүгін дәрігерлер «Батыр Павлодар» ЖШС ұжымымен және үй-жайларын жалға алушылармен кездесті.
👨‍⚕️Жиында жалпы тәжірибелік дәрігер Бинұр Нұрбекұлы Қаламбеков вакцина мен вакцинация туралы егжейлі-тегжейлі айтып берді. Сонымен қатар егу пункті ұйымдастырылды.
Тұмауға қарсы вакциналардың қауіпсіз және тиімді екендігі дәлелденді.💉
Антиденелер бір жылға дейін әрекет етіп, бүкіл тұмау маусымында ағзаны қорғайды.


You may also like...