«Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы» аясында «Тұңғыш президент күні» қарсаңында өткізілген іс-шара туралы
“Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы” атты мерекелік іс-шара туралы
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» аясында «Тұңғыш Президент күніне» арналған «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты салтаннатты іс-шара өтті.
Іс-шара Қ.Р. Мемлекеттік Әнұранының шырқалуымен басталды. Посткеңестік кезеңде тәуелсіз Мемлекет болып қалыптасудың қиын жолы, оның XXI ғасырдағы жаңа деңгейі, ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың нығайтушылық рөлі слайд және ақпарат беру түрінде назарға ұысынылды. Бас дәрігер К.С. Кабулов құттықтау сөзін айтып, жылы лебіздерін білдірді.
Содан кейін, өз еңбек жолдарын 2016 жылы бастаған жас дәрігер мамандары мен медбикелердің қатарға қосылуы өтті. Жас мамандарға емхана логотипі бейнеленген арнайы сыйлықтар табыс етілді. Әрі қарай емхана қызметкерлері мен қонақтардың қатысуымен мерекелік бағдарлама жүргізілді. Қызметкерлерден құрылған хордың ән айтуы бізді ерекше қуантты.
Аталмыш іс-шара жоғары деңгейде, тақырыбына сай әрі қызықты өтті, патриоттық сипаттағы әндер мен билер қонақтар назарында болды.