Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты концерт

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында ШЖҚ «Павлодар қаласының №3 емханасында» салтанатты концерт өтті. Емхана ұжымы Қазақстан Республикасының әнұранын орындап шықты. Біздің еліміздің қоржынындағы 25 жылдық жетістіктері туралы слайд көрсетілді.

Бас дәрігер Қайырлы Сартайұлы Кабұлов емхана қызметшілеріне алғыс хаттарын табыстады. Сонымен қатар, музыкалық ән шашуымен құттықтау үшін қонаққа белсенді пациенттер мен «Облыстық мамандандырылған жалпы білім беретін мектеп-интернаты» ММ-нің балалары келді.  Денсаулық мектептерінің белсенді пациенттеріне алғыс хат табысталып, облыстық мамандандырылған жалпы білім беретін мектеп-интернатының балаларына сыйлықтар таратылды. Мерекелік кеш барысында патриоттық әндер шырқалып, қазақтың бірегей әрі ұлттық «қазақ биі» биленді. Мерекелік тақырыптың нақышын келтіріп ұйымдастырылған бұл шара, көрермен көңіліне мерекелік көңіл күй сыйлап, елі үшін мақтаныш сезімдерін ұялатты.

P1090570

P1090573

P1090611

P1090614

P1090657

P1090662

P1090713

P1090729


You may also like...