Халықаралық қарттар күні құтты болсын!

Медицинадағы аға буынның тәжірибесі мол, білімі терең, сүйікті ісіне деген адалдығы бар. Олардың денсаулық сақтау саласындағы рөлін асыра бағалау мүмкін емес. Өскелең ұрпақ үшін олар шеберлікпен бөлісетін тәлімгер, ақыл-кеңес бере алатын әріптес және қиналған кезде қолдау көрсете білетін дос.
Бүгін ШЖҚ «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМК басшысы Отарбеков Арман Төлеусағиұлы және «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-ның атынан кәсіпорын кәсіподақ комитеті егде жастағы медицина қызметкерлерін Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтады.
Кәсіпорын басшысы аға буынның ұйымның тұрақты және кәсіби еңбектің кепілі екенін атап өтті. А.Отарбеков әріптестеріне зор денсаулық тілеп, алдағы уақытта да жемісті еңбек етететіндеріне сенім білдірді.

 

Старшее поколение в медицине – это огромный опыт, глубокие знания и преданность любимому делу. Их роль в сфере здравоохранения трудно переоценить. Для молодого поколения они становятся наставником, готовым делится навыками, коллегой, который может дать дельный совет и конечно же другом, способным поддержать в трудную минуту.
Сегодня руководитель КГП на ПХВ «Подиклиника №3 г.Павлодар» Отарбеков Арман Толеусагиевич, а также профсоюзный комитет предприятия РОО «Отраслевой профессиональный союз работников системы здравоохранения «SENIM» поздравили медицинских сотрудников «золотого возраста» с Международным днем пожилых людей.
Руководитель предприятия отметил, что старшее поколение является залогом стабильной и профессиональной работы. А.Отарбеков пожелал коллегам крепкого здоровья и дальнейшей благополучной работы в поликлинике.

С Международным днем пожилых людей!💐


You may also like...