Электрондық денсаулық паспорты (ЭДП).

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық құжаттаманы қағазсыз, цифрлық жүргізуге көшу шеңберінде денсаулық сақтау ұйымдарында электрондық денсаулық паспортын (бұдан әрі — ЭДП) қалыптастырды. Ол пациент туралы ақпаратты жинау, сақтау және алмасу мақсатында электрондық форматта қалыптастырылатын ұзақ мерзімді медициналық жазбаны білдіреді.

ЭДП-дан әрбір қазақстандық біле алады:

-сіздің учаскелік дәрігеріңіз кім,

– сіз қандай емханаға тіркелгенсіз,

– сіз диспансерлік есепте тұрасыз ба,

– сізге қандай дәрі-дәрмектер берілді,

– сіз қашан және қандай ауруханаға жатқызылдыңыз,

– сондай-ақ жоспарлы емдеуге жатқызу күні мен орнын,

– нарко /псих/тубдиспансерлерден анықтама алу.

Енді бұл қызметтерді тек ЭЦҚ көмегімен ғана емес, сонымен қатар iOS және Android мобильдік қосымшаларының көмегімен ЭЦҚ-сыз да алуға болады. ЭДП енгізу электрондық денсаулық сақтаудың пациенттің қажеттілігіне қайта бағдарлау үшін қажетті қазіргі моделін дамытуға және жетілдіруге, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Электрондық денсаулық паспорты 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық құжаттаманы қағазсыз, цифрлық жүргізуге көшу мақсатында мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленді және енгізіледі.

WhatsApp Image 2019-11-15 at 11.57.27(1)

WhatsApp Image 2019-11-15 at 11.57.27

WhatsApp Image 2019-11-15 at 11.57.28(1)

WhatsApp Image 2019-11-15 at 11.57.28


You may also like...