Қазақстан Республикасының 25 жыл Тәуелсіздігі аралығандағы емхананың жетістіктері

Қазақстан Республикасының 25 жыл Тәуелсіздігі аралығандағы емхананың жетістіктері

Тәуелсіздіктің демін, Тәуелсіздіктің бақытын, Тәуелсіздіктің таңын сезгенімізге 25 жыл толып қалыпты. Бұл жылдар ең асулы, ең қиын, ең табанды жылдарымыз. Бір күндей өте шықты. Біздің мемлекетіміз жаңа биіктерге шығып, жаңа белестерге бет алды. 25 жыл ішінде Қазақстан Республикасының көптеген бағдарламалары жүзеге асып, өз жемістерін беруде. Сондай бағдарламалардың бірі – «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы. Осы бағдарлама аясында үш жыл бұрын «Павлодар қаласының №3 емханасы» өз есігін ашты.

Бұл емхана жас болса да, талай жетістіктерді қанжығасына енгізді. Біздің ұйымда 322 медицина қызметкерлері аянбай еңбек етуде. Қызметтік іс барысындағы барлық жұмыстар ретке келтіріліп, жылдан жылға  қызметтік аясы кеңеюде. Бұл, әрине, қуантарлық жағдай.

Біздің мекемемізде облыс бойынша жалғыз «Денсаулық Орталығы» жұмыс жасайды. Тұрғылықты халықпен жұмыс жасау бағытында тоғыз «Денсаулық мектебі» ашылып, халыққа әлеуметтік, психологиялық  көмек көрсетуде. Бұл игі істер дені сау ұлт қалыптастыру үшін көптеген әлеуметтік іс-шаралар өткізеді. Себебі, «Ұлт денсаулығы» бірінші орында болуы тиіс.

Салауатты өмір салтын қалыптастыруда медицина қызметкерлері дүйім жұртқа үлгі. Жыл сайын «Туристтік след» ұйымдастырылып, көптеген спорттық жарыстар өткізіледі. Осындай бір жарыста Павлодар облысының атынан шыққан әйелдер волейбол командасы 2 орынға ие болып, біздерді қуантты. Сонымен қатар, мекемемізде барлық тұрғылықты халық пен қызметкерлерімізге арналған тегін жаттығу залы жұмыс істейді.

Үш жылдық ерең еңбегіміздің нәтижесінде, 2016 жылы біздің ұйымымызға «Лидер отрасли 2016» және «Сапа көшбасшысы 2016» атағы берілді. Бұл біздің ұйымымыздың бастамасы ғана. Ендігі Тәуелсіздіктің 25 жылында бірлік пен жасампаздағымыздың арқасында үлкен белестерді бағындыратынымызға сенімдіміз!

1141

P1020337

Рисунок2

Рисунок43

Рисунок48


You may also like...