«Қатерлік ісіксіз өмір сүру!» ұлттық бағдарламасы басталды.

«Қатерлік ісіксіз өмір сүру!» ұлттық бағдарламасы басталды.

Бүкіл ел бойынша «Қатерлік ісіксіз өмір сүру!» ұлттық бағдарламасы басталды. Өткізу кезеңі: 2018 жылғы 5-15 ақпан аралығында. «Қатерлік ісіксіз өмір сүру!» ұлттық бағдарламасының негізгі мақсаты жеке денсаулықты сақтау және қазіргі заманғы адамның өмір сүру ортасында өмір сүру сапасын арттыру, қоғамның назарын онкопатология ауыртпашылығын төмендетудің ғаламдық мәселесіне аудару, республика халқының, медициналық қызметкерлердің онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау мәселелерінен хабардар болуын арттыру, халықты скринингтік тексерулерден уақытылы өтудің қажеттігі туралы ақпараттандыру болып табылады.

Негізгі міндеті салауатты өмір салтының дүниетанымын қалыптастыру, жоғары еңбек және әлеуметтік белсенділігін сақтау, қауіптің мінез-құлық факторларының алдын алу бөлігінде денсаулықты сақтау және нығайтудың пайдасына қоғамдық оң пікірді қалыптастыру(ішімдік ішу, темекі тартуды азайту, ФБ көтеру, дұрыс тамақтану режимін сақтау); халықтың хабардарлығын арттыру және өзін-өзі сақтау әдеттерінің пайдасына мінез-құлқын өзгерту болып табылады.

Stop-Kanker

 


You may also like...