Ұзақ әрі белсенді өмір сүру мектебі
Ұзақ әрі белсенді өмір сүру мектебі
Біздің емханамызда ұзақ әрі белсенді өмір сүру мектебі ұйымдастырылып, ойдағыдай қызмет атқаруда. Оқу бағдарламасы мектеп “оқушыларына” арналған 7 сабақтан тұрады. Әр сабақ үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлім: ақпараттық бөлімнен тұрады (дәрігерлер дәріс немесе тақырыпты талқылау арқылы өткізеді); екінші бөлім: сауықтыру дене тәрбиесі түрінде өткізіледі; ал үшінші бөлімде психологтармен жұмыс жүргізіледі.