ҰОС Ардагерлерін медициналық тексеру!
Биыл сұрапыл сұм соғыстың біткеніне 74 жыл. Алда Ұлы мереке – 9 мамыр күні! Бұл күнді Әлемнің көптеген елдері тойлайды. Соғыста ажал құшқан азаматтарымыздың басына барып тағзым етіп, олар үшін еске алу сәттерін өткізеді. Әркім қолдарынан келгенше Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ілтипат білдіреді. 3 мамыр күні арнайы жасақтан құралған дәрігерлер тобы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қызмет көрсетуге аттанып кетті. Бұл күні олар ардагердің үйіне барып ол кісінің денсаулығын жан-жақты тексеріп қажетті кеңестер беріп, дәрі-дәрмекпен көмектесті. Бұл топта кардиолог, окулист, терапевт және т.б. дәрігерлер болды. Бұл іс-шара әлі де жалғасын таппақ.