«ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» КЕАҚ
Бүгін 29.07.2019 жылы Павлодар облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу шеңберінде ШЖҚ «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМК базасында халыққа кеңес беру кездесу» өтті.
Кездесудің тақырыбы:
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа пакетін және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық үшін бірыңғай жиынтық төлемді енгізу.
Сөз сөйлегендер:
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерін қарау бөлімінің сарапшысы Ж. Н. Саттарова, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының медициналық қызметтер сапасын мониторинг бөлімінің сарапшысы Б. К. Асамбаева.
Іс-шара барысында спикер Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың негізгі аспектілері, Қазақстанда МӘМС неге енгізілуде, аударымдар мен жарналарды төлеу тәртібі туралы: МӘМС-ке кім, қашан және қанша төлейді, қате төленген жарналар мен аударымдарды, оның ішінде ШОК қайтару туралы айтып өтті, сондай-ақ МӘМС-ға аударымдар мен жарналардың қандай табыс түрлерінен төленбейтінін айтты. Әңгіме барысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден азаматтардың 15 санаты босатылғанын, сондай-ақ ҚР аумағында тұрақты тұратын және уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек қалай көрсетілетінін айтты. ТМККК және МӘМС жаңа моделін кезең-кезеңмен енгізу негізінде медициналық қамтамасыз етудің үш деңгейлі жүйесін қалыптастыру жоспарланғанын атап өтті. Медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы, өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік қағидаттары және денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету реформаның негізі болуға тиіс. Сондай-ақ, ТМККК пакеті әрбір адам үшін шұғыл және жедел жағдайларда көмекке, сондай-ақ бүкіл қоғам үшін маңызды ауруларды бақылауға бағытталатын болады. МӘМС пакетіне болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін негіз қалайтын әрбір адамның өмір сүру сапасын жақсартатын медициналық көмек кіреді. Сақтандырылған азаматтар қымбат тұратын зертханалық және диагностикалық қызметтерді, аурулар кезінде, ТМККК-ден тыс стационарды алмастыратын көмекті, жоспарлы стационарлық көмекті, сондай-ақ ересектер мен балаларға кардиология, кардиохирургия, неврология, нейрохирургия травматология және ортопедия бейіндері туралы медициналық оңалтуды ала алады. Сондай-ақ 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық үшін бірыңғай жиынтық төлем енгізілгенін айтты. 4 салықты қамтиды: жеке табыс салығы (ЖТС) (10%); мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар (20%); БЖЗҚ-дағы зейнетақы төлемдері (30%); міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (40%). Осы талаптардың біріне түсетін жеке тұлғаларға ғана ЕБЖ таратылатынын атап өтті: жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайды; тек жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді; жеке тұлғаларға ауыл шаруашылығы өнімдерін (акциздерге түсуден басқа) жеке қосалқы шаруашылықтан өткізеді.
Спикермен ұсыныстар берілді:
– міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы өзекті ақпарат алу үшін Қор сайтын пайдаланыңыз www.fms.kz, сонымен қатар,
– зейнетақы ісіңіздегі құжаттар бойынша толық кеңес алу үшін сізге жергілікті Зейнетақы төлеу жөніндегі орталығына хабарласуыңызға болады.
– Facebook, instagram әлеуметтік желілеріне Павлодар облысының – @fms.kz жаңалықтар аккаунттарына жазылуға кеңес берді.
– консультацияны «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалынан 37-19-04 телефоны бойынша алуға болады.
Берілген тақырыпты жалпы талқылау және сұрақтарға жауаптар болды.