ІС-ШАРА: ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АКЦИЯ

Апта сайын әр жұма күні, халыққа «Алма» СҮ сауда залында акция өткізіледі. Іс-шараның басталуы сағат 15:00-де. Келушілер акцияға белсенді қатысады. Инсульттың алдын-алу және скринингтік тексеріп-қарау мәселелеріне қатысты сұрақтар өте көп. Барлық сұрақтарға ШЖҚ «Павлодар қаласының №3 емхана» КМК алдын алу бөлімшесінің қызметкерлері жауап береді. Әрбір адамға Кетле индексі есептеледі, қан қысымы өлшенеді. АҚ жоғары анықталған пациенттерге тұрғылықты жері бойынша дәрігерге бару ұсынылады. Бас миының тамыр аурулары өзекті медициналық және әлеуметтік проблема болып табылады. Жалпы өлім-жітім құрылымында цереброваскулярлық аурулар 21,4% – ды құрайды. Инсульттан болатын өлім-жітім соңғы 10 жылда 30% – ға артты. Инсульт бүкіл әлемде жыл сайын 5,6-дан 6,6 млн-ға дейін адам зақымдап, 4,6 млн-ға жуық адамды өмірден әкетті. Жоғары өлім – жітіммен қатар бұл ауру еңбек ету қабілетінің тұрақты бұзылуына әкеледі-ми қан айналымының жіті бұзылуымен ауырған науқастардың 15-тен 30% – ға дейін тұрақты мүгедек болып қалады

№3 қалалық емханада «Мінез-құлық қауіп факторларының мектебі», «Жас ана мектебі», «Қант диабеті мектебі», «Артериалды гипертония мектебі», «Инсульт мектебі», «Ұзақ өмір сүру мектебі», «Отбасын жоспарлау мектебі» бейінді денсаулық мектептері жұмыс істейді. «Дені сау бала» кабинетінде жас аналар баланы емізу, тамақтану, шынықтыру бойынша кеңес ала алады.

6

3


You may also like...