Жеңілдік санатына кіреді:
— 18 жасқа дейінгі балалар;
-Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
-Баланы үш жасқа толғанға дейін тәрбиелейтін жұмыс істемейтін адамдар;
— Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты, сондай-ақ бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыстағы адамдар;
— «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ак І жене II дәрежелі «Ана даңкы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
Мүгедек баланы күтетін жұмыс істемейтін адамдар;
-Бала кезінен мүгедектерге күтім жасайтын адамдар;
— Мүгедектер;
-Зейнеткерлер мен екінші дүниежузілік соғыс ардагерлері;
-Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында, сондай-ак жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде окитын адамдар;
-Жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
-Жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
-Жұмыс істемейтін оралмандар;
Ең төмеңгі қауіпсіздіктегі мекемелерді қоспағанда, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сот үкімімен жазасын өтеп жатқан
адамдар;
-Тергеу изоляторларында отырған адамдар.
Сіз өзіңіздің әлеуметтік мәртебеңізді egov.kz порталы арқылы тексере аласыз. Егер адам тізімде жоқ болса, онда растайтын құжаттардың тізімін жинап, XҚO-ғa тапсыру кажет. Ақпарат мемлекеттік органдарға растау үшін жіберіледі.