ӨЗІҢІЗДІ ОСЫ ТІЗІМНЕН ІЗДЕП КӨРІҢІЗ. ЕГЕР БҰЛ ТІЗІМДЕ БОЛСАҢЫЗ, МӘМС ҮШІН ЖАРНА ТӨЛЕМЕЙСІ3, СЕБЕБІ СІЗ ҮШІН ОНЫ МЕМЛЕКЕТ ТӨЛЕЙДІ.

 

Жеңілдік санатына кіреді:

– 18 жасқа дейінгі балалар;

-Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

-Баланы үш жасқа толғанға дейін тәрбиелейтін жұмыс істемейтін адамдар;

– Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты, сондай-ақ бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыстағы адамдар;

– «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ак І жене II дәрежелі «Ана даңкы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;

Мүгедек баланы күтетін жұмыс істемейтін адамдар;

-Бала кезінен мүгедектерге күтім жасайтын адамдар;

– Мүгедектер;

-Зейнеткерлер мен екінші дүниежузілік соғыс ардагерлері;

-Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында, сондай-ак жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде окитын адамдар;

-Жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

-Жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;

-Жұмыс істемейтін оралмандар;

Ең төмеңгі қауіпсіздіктегі мекемелерді қоспағанда, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сот үкімімен жазасын өтеп жатқан

адамдар;

-Тергеу изоляторларында отырған адамдар.

 

Сіз өзіңіздің әлеуметтік мәртебеңізді egov.kz порталы арқылы тексере аласыз. Егер адам тізімде жоқ болса, онда растайтын құжаттардың тізімін жинап, XҚO-ғa тапсыру кажет. Ақпарат мемлекеттік органдарға растау үшін жіберіледі.


You may also like...