Өңір басшысы Асайын Байхан «Үздік тәжірибе орталығы» жобасын жүзеге асыру барысымен танысты.
ШЖҚ «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМК- мен танысу емхананың call -орталығы мен тіркеу бөлімінен жүктемені азайту мақсатында құрылған цифрлық посттан басталды. Одан кейін облыс әкімі дені сау бала кабинеті мен шұғыл медициналық көмек көрсету медицина қызметкерлерінің жұмысымен танысты.
Сондай-ақ Асайын Байхан медбикеге өкілеттік беру арқылы учаскелердің жұмысын оңтайландыру мақсатында құрылған медбикелік пункттердің жұмысымен танысты. Бұл қызметтердің барлығы тұрғындардың медициналық көмекке жүгіну ағынын тиімді басқару арқылы дәрігерлер мен тіркеу орнына түсетін жүктемені азайту үшін құрылған.
Бүгінгі күні «Үздік тәжірибе орталығы» жобасы облыстың 8 емханасында енгізіліп, оң нәтижесін көрсетуде.
Сондай-ақ Асайын Байхан көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы, учаскелік дәрігердің қабылдауы қанша уақытқа созылатынын және кері байланыс қалай жүзеге асырылатыны жайлы егжей-тегжейлі сұрап алды.
Облыс әкімі алдағы уақытта материалдық-техникалық жарақтандыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырып, өңірдегі емхана басшыларына кадр тапшылығын шешуді тапсырды.
Глава региона Асайын Байхан ознакомился с работой по внедрению проекта «Центр лучших практик».
В КГП на ПХВ «Поликлиника №3 г.Павлодар» знакомство началось с цифрового поста поликлиники, который был создан с целью снижения нагрузки на call-центр и регистратуру, с чем он успешно справляется. Затем аким области ознакомился с работой медицинских работников комнаты здорового ребенка и неотложной медицинской помощи. Также акиму показали работу сестринских постов, созданных для оптимизации работы участковой сети, путем делегирования полномочий медсестре. Все эти службы функционируют с целью снижения нагрузки на врачей и регистратуру за счет эффективного регулирования потока населения обращающегося за медицинской помощью.
Надо отметить, что на сегодняшний день проект «Центр лучших практик» успешно реализуется в 8 поликлиниках области.
Также Асайын Байхан поинтересовался вопросом качества оказываемых медицинских услуг, сколько длится прием у участкового врача и как осуществляется обратная связь.
Глава региона поручил продолжить работу по дальнейшему материально-техническому оснащению и поручил руководителям поликлиник области решить проблему с дефицитом кадров.