Абайлаңыз, кене!

Кенелердің әрекет ету маусымы көктемнің басында күн жылынғаннан кейін басталып, күздің соңына дейін жалғасады.
Кене — энцефалит және кене боррелиозы сиякты жұқпалы аурлардың тасымалдаушысы болып табылады.
Кене энцефалиті — орталық жүйке жүйесін зақымдайтын жұқпалы вирустық ауру. Аурудың салдарынан адам толық сауығып кетіп, немесе мүгедектік пен өлімге әкелетіндей денсаулығына зиян келуі мүмкін.
❗️Ауруды қалай жұқтырып алуға болады?
— орман, саябақ, жеке бау-бақша учаскелерінде, кене энцефалиті бойынша эндемиялық аумақтарда серуендегенде;
— жануарлар (иттер, мысықтар), адамдар киімдері, гүлдер және т.б. арқылы;
— ешкі, қой, сиырдың шикі сүтін ішкенде, (әрекет ету маусымы кезінде вирус малдың сүтінде болуы мүмкін) . Сондықтан кене энцефалитінің қолайсыз аймақтарында, бұл өнімдерді тек қайнатылған түрде қолдануға болады;
— кенені ұсақтап жаншу немесе шаққан жерді тырнау, вирусты теріге ысқылау кезінде жұқтырып алуға болады.
❗️Аурудың негізгі белгілері қандай?
Инкубациялық (жасырын) кезең әдетте 10-14 күнге, 1 күннен 30 күнге дейінгі аралықта созылуы мүмкін. Ауру жедел түрде басталады, қалтырау, қатты бас ауруы, температураның 38-39 градусқа дейін күрт көтерілуі, жүрек айну, құсу сияқты белгілер пайда болады. Көбінесе мойын, иық, кеуде, бел, аяқ-қолдарда бұлшық ет ауырсынуы мазалайды.
❗️Кене энцефалитінен қалай қорғануға болады?
— шөпке отырып, жатпаңыз, киімді, денені және жеке заттарды тексеріп, үйге оралғанда киім және денеңізді кененің бар – жоғына мұқият тексеріп алыңыз;
— біріңғай және ашық түсті киімдер киіп, шалбарды етікке, шұлыққа, жең манжеттері қолыңызға мықтап орналасып, көйлек жағалары мен шалбарының астында кене жүре алмайтын бекіткіштер болуы керек;
Басыңызға капюшон киіп немесе орамал тартыңыз.
— кенелерді үркітетін заттарды – репелленттерді қолдану қажет.
Кене энцефалитінен қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцинациялау екенін есте ұстаған жөн.
Кене шаққан жағдайда не істеу керек?
Жабысқан кене анықталған жағдайда, ең ерте мерзімдерде (кене шаққаннан кейін 4-ші күннен кешіктірмей), білікті медициналық көмек көрсетілетін және кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинді енгізу жүзеге асырылатын серопрофилактика пункттеріне жүгіну қажет (кенелерді сорғаннан кейін 96 сағат ішінде кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинді енгізу керек). Кенені өзіңіз алып тастуға тырыспаңыз. Бұл өте қауіпті! Егер сіздің қолыңызда сызаттар, жарақаттар болса, вирус қанға сіңіп кетуі мүмкін.

https://www.inform.kz/ru/priblizhaetsya-period-aktivnosti-kleschey-chto-nuzhno-znat_a4044336


Читайте также: