Әлия Жакенқызы Сабырханованың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды.
Бүгін медициналық жоғары колледжінде дәрігер, ұстаз және көрнекті қоғам қайраткері Әлия Жакенқызы Сабырханованың құрметіне орнатылған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Әлия Жакенқызы Семей медициналық институтын бітірген. Еңбек жолын Павлодар облысы Павлодар ауданындағы Красноармей учаскелік ауруханасының бас дәрігері болып бастады. 1969-1972ж. Павлодар орталық ауруханасында бас дәрігерінің орынбасары ретінде еңбек етті. 1974ж. бастап Семей медициналық институтының акушерия және гинекология кафедрасының клиникалық ординатурасын тәмамдаған соң, «Мойылды» курортында бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары және бас дәрігері болып жұмыс істеді. 1983-1985ж. Павлодар қаласының Қазақ КСР медициналық қызметкерлерінің кәсіподақ Павлодар облыстық комитетінің төрағасы болып сайланды. 1985 жылдан бастап Павлодар облыстық комитеті компартиясының аппаратында нұсқаушы болып жұмыс істеді.
1990 жылдан 2013 жылға дейін Павлодар медициналық колледжінің директоры болды. Әлия Жәкенқызы көп жылдар бойы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы, 2007 жылдан бастап облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы болды. Кәсіби шеберліктің жоғары деңгейі және ұйымдастырушылық қабілеті оған танымал дәрігер болуға ғана емес, сонымен қатар басқарушылық жұмысты оқытушылық, партиялық және қоғамдық жұмыстармен сәтті үйлестіруге мүмкіндік берді.
Әлия Жәкенқызы «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, «Шапағат» медалімен марапатталып, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағына ие болды.
Митингке медициналық ұйымдардың басшылары, қоғамдық қайраткерлер, медициналық оқу мекемелердің ұстаздары, медициналық қызметкерлер, сондай-ақ Әлия Жакенқызының шәкірттері мен туыстары қатысты.
Сегодня в медицинском высшим колледже состоялось торжественное открытие мемориальной доски врачу, преподавателю, общественному деятелю Сабырхановой Әлие Жакенқызы.
Әлия Жакенқызы окончила Семипалатинский медицинский институт. Трудовую деятельность начала в должности главного врача Красноармейской участковой больницы Павлодарского района Павлодарской области. С 1969 по 1972 годы работала заместителем главного врача Павлодарской центральной больницы. По окончании клинической ординатуры кафедры акушерства и гинекологии Семипалатинского медицинского института с 1974 года работала заведующей отделением, заместителем главного врача и главным врачом курорта «Мойылды». С 1983 по 1985 годы была избрана председателем Павлодарского обкома профсоюза медицинских работников КазССР города Павлодара. С 1985 года работала в аппарате Павлодарского обкома компартии в должности инструктора. С 1990 по 2013 годы директор Павлодарского медицинского колледжа. В течение многих лет Алия Жакеновна являлась секретарем областной территориальной избирательной комиссии, с 2007 года председателем областной территориальной избирательной комиссии. Высокий уровень профессионализма и организаторских способностей позволил ей не только стать признанным врачом, но и успешно совмещать управленческую работу с преподавательской, партийной и общественной деятельностью.
Алия Жакеновна награждена орденом «Құрмет», нагрудным знаком «Почетный работник образования Республики Казахстан», «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін», медалью «Шапағат», является «Отличником здравоохранения».
В митинге приняли участие руководители медицинских организации, общественные деятели, преподаватели медицинских образовательных учреждении, медицинские сотрудники, ученики и родные Әлии Жакенқызы.