Дүниежүзілік контрацепция күні жыл сайын 26 қыркүйек күні атап өтіледі. Бұл күні контрацепция мәселелері бойынша сауаттылықты арттыру, жоспардан тыс жүктілік пен түсік түсіру жағдайларын азайту бойынша іс-шаралар өткізіледі.✨
Бүгінгі күні 15-25 жас аралығындағы жастардың интимдік қауіпсіздік туралы білімін арттыру қажеттілігі өте жоғары.Осы жас кезеңінде оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету маңызды. Өйткені олардың қазіргі жыныстық және репродуктивті мінез-құлқы келешек өмірлеріне әсер етеді.👩‍🦰🧑‍🦱
Контрацепция әдістері мен жолдары туралы ақпаратты насихаттау мақсатында кәсіпорынның медицина қызметкерлері жылда түрлі іс-шаралар ұйымдастырып жатады.
🏥Бүгін Павлодар қаласының №3 емханасының медициналық қызметкерлері «Қазақстандық жыныстық және репродуктивті денсаулық қауымдастығы» АҚ (КМПА) филиалымен бірлесіп, Павлодар химия-механикалық колледжінде арнайы акцияны ұйымдастырды. Медицина қызметкерлері балалармен интимдік қауіпсіздік мәселелерін талқылап, жасөспірімдердің жүктілігі мәселесіне тоқталды. Балаларға контрацепция өнімдері туралы мифтерді өздігімен тауып айту ұсынылды. Ал жауаптар медицина қызметкерлерімен бірге талқыланды.❣️
Акцияға 16-18 жас аралығындағы 100-ге жуық 2-курс студенттері қатысты.
Берілген ақпарат балаларға қызықты әрі түсінікті болу үшін материал түрлі форматта дайындады: ойын ойнатқызылып, слайдтар көрсетілді.
Қатысушылар ұсынылған тақырыпқа қызығушылық таныта отырып, сұрақтарға белсенді түрде жауап беріп отырды.
Іс-шара барысында барлық қатысушыларға КМПА АҚ жасаған буклеттер мен кітаптар түріндегі ақпараттық материал таратылды. Ерекше белсенділік танытқан жасөспірімдерге: футболка, кепка, саптыаяқ, шыныаяқ және шоппер сияқты сыйлықтар тартылды.👕🧢

Ежегодно 26 сентября отмечается Всемирный день контрацепции. В этот день в целях уменьшения случаев незапланированной беременностей и абортов, проводятся мероприятия по повышению грамотности в вопросах контрацепции.
В настоящее время есть большая потребность повышать знания интимной безопасности у молодых людей в возрасте от 15-25 лет.🧑‍🦱👩‍🦰
Важно предоставить им необходимую информацию именно в этот возрастной период, поскольку их сексуальное и репродуктивное поведение может наложить отпечаток на всю последующую жизнь.
❣️Для того чтобы рассказать о способах и методах контрацепции медицинские работники предприятия организовывают различные мероприятия.
🏥В этом году сотрудники КГП на ПХВ «Поликлиника №3 г.Павлодар» совместно с филиалом ОО «Казахстанской Ассоциацией по половому и репродуктивному здоровью» (ОО КМПА) организовали образовательную акцию в Павлодарском химико-механическом колледже. Медицинские работники обсудили с ребятами вопросы интимной безопасности, рассказали о проблеме подростковой беременности. Мифы о средствах контрацепции, ребятам предложили назвать самостоятельно. А ответы разобрали с медицинскими работниками. ✨
Участие в акции приняло около 100 студентов, второкурсников от 16 до 18 лет.
Для того чтобы ребятам было интересно, а информация более доходчивее, организаторы подготовили материал в разных форматах: с ребятами играли в игры, показывали слайды, разбирали мифы от правды.
Студенты активно отвечали на вопросы, проявляя интерес к предложенной теме.
В ходе акции всем участникам раздали информационный материал, созданный ОО КМПА, в виде буклетов и книжек. Самым активным вручили подарки: футболки кепки, кружки, поильники и шопперы.👕🧢


Читайте также: