Шағын футболдан медициналық ұйымдар арасындағы жарыстар.

2023 жылдың 23 қыркүйек күні облыстағы медициналық ұйымдар арасында шағын футболдан жарыстар басталды.
Спорттық ойындар медицина қызметкерлерінің 52-ші ашық қалалық кешенді спартакиадасы бағдарламасы аясында ұйымдастырылуда.⚽️
Шара медициналық мекеме қызметкерлері арасында шағын футболды және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілуде.
🏥ШЖҚ «Павлодар қ. №3 емханасы» КМК командасы Павлодар медициналық жоғары колледжі, Павлодар облыстық балалар ауруханасы, №1 Павлодар қалалық аурухана және Ақсу орталық аудандық ауруханасының әріптестерін жеңіп, жартылай финалға шыққан болатын.
2023 жылдың 30 қыркүйек күні біздің командамыз Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының футболшыларымен финалдағы орын үшін бақ тартысты.
Кездесу Павлодар медициналық жоғары колледжінің стадионында өтеді.
Сайыстың қорытындысы бойынша ШЖҚ «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМК командасы жоғары деңгейде дайындықтарын көрсетіп, жүлделі 3 орынды қанжығасына байлады!🥉
Жеңісіміз құтты болсын! 💐

23 сентября 2023 года среди медицинских организации области стартовали соревнования по мини футболу. Спортивные состязания организованы в рамках программы 52-ой открытой городской комплексной спартакиады медицинских работников. Мероприятие проводится с целью пропаганды и популяризация мини-футбола среди работников медучреждений, а также утверждение принципов здорового образа жизни.🏃‍♂️🏃‍♂️🏃‍♂️
🏥Команда КГП на ПХВ «Поликлиника №3 г.Павлодар» прошла в полуфинал, обыграв коллег из Павлодарского медицинского высшего колледжа, Павлодарской областной детской больницы, Павлодарской городской больницы №1 и Аксуской центральной районной больницы.
30 сентября 2023 г. за выход в финал наша команда  по боролась с футболистами Павлодарской областной больницы им.Султанова.
Встреча проходила на стадионе «Павлодарского медицинского высшего колледжа».⚽️
По итогам соревнования команда КГП на ПХВ «Поликлиника №3 г.Павлодар» проявила отличную подготовку и заняла 3 призовое место! 🥉
Поздравляем с победой!💐


You may also like...