2024 жылғы 25 қаңтар күні ШЖҚ «Павлодар қаласының №3» КМК қызметкерлері Жыныстық және репродуктивтік денсаулық жөніндегі Қазақстандық қауымдастығы” (ҚМПҚ) қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ тәрбиеленушілерімен Репродуктивті денсаулық және оған әсер ететін факторлар тақырыбында семинар-кездесу ұйымдастырды. Ақпарат интерактивті формада, қыз балалар мен ұл балаларға жеке берілді. Қыздармен емхананың терапевт дәрігері Л.Н.Асташкина және ҚМПҚ филиалының президенті акушер-гинеколог дәрігері Г.А.Хамитова әңгімелесті. Медициналық қызметкерлер қыздардың жыныстық жетілуі туралы ақпарат беріп, қыздың денсаулығы-бойжеткеннің денсаулығы-болашақ ананың денсаулығы екеніне көз жеткізді. Емхананың жастар орталығының уролог, андролог дәрігері Ч.А.Сафин ұлдардың жыныстық жетілуі туралы ақпарат дайындап, жетілу процесінде пайда болуы мүмкін жағдайларға тоқталып, маңызды мәселелерді талқылап өтті.
Сонымен қатар жастарға «Жасөспірімдердің интимдік гигиенасы» атты ақпараттық презентация көрсетіліп, гигиеналық ережелерді өмір бойы сақтау –әрқайсысының репродуктивті денсаулықтың кепілі екені ескерілді.


You may also like...