🔺Егер науқастың сақтандыру
мәртебесі болмаса, не істеу керек?
1️⃣Қол жетімді ресурстарды пайдаланып, қарыздар кезеңін және мәртебесін тексеру керек.
2️⃣Егер қарыз болсаңыз, оны төлеу немесе жою қажет, бірақ тек алдыңгы 12 ай үшін (осы жылдың ағымдағы айдан бастап алдыңғы жылдың ағымдағы айға дейін).
Сақтандыру мәртебесі 3 жұмыс күні ішінде беріледі.
✅Егер адам жеке кәсіпкер болса, өзі төлеп отырса, онда қарызды дербес төлеуші ретінде төлеуге болады
📌Егер қарыз жеке кәсіпкерден (ЖК), шаруа қожалығының (ШК) иелерінен, жеке практикамен айналысатын адамдардан, қызметкерден немесе азаматтық- -құқықтық келісімшарт бойынша жұмыс жасайтын адамда анықталса, онда төлемдердің мәртебесін тексеру керек. Өйткені төлемдер кері қайтарылуы мүмкін. Мұндай кжағдайда қарыз бен пайыздарды төлеп тастау қажет.
❗️Егер төлемдер қате түрде басқа мерзімге төленсе немесе төлем құжаттары дұрыс рәсімделмесе, бұл кезеңдер үшін ақшаны кайтаруға болады.
Ол үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-қа қатенің себебі көрсетілетін өтініш жазып, төлемді растайтын кұжаттарды салып жіберу қажет.
https://www.instagram.com/msqory_pvl?igsh=MWpjaGpwc3JsaWFoaw==