2 АЙДАН 5 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДАҒЫ ҚАУІП-ҚАТЕР БЕЛГІЛЕРІ
??⚕️Тек медициналық қызметкерлер ғана емес, сондай-ақ, әрбір ұстаз, ата-ана дереу жедел жәрдем шақыру немесе дәрігерге қаралуды талап ететін қауіп-қатер белгілерді білу қажет. 2 айдан бес жасқа дейінгі балада 4 қауіп-қатер белгілері болады
Бірінші – құрысулар.
Екінші – бала соншалықты әлсіз күйде, тіпті шыны-аяқтан, бөтелкеден іше алмайды, емшекті де еме алмайды.
Үшінші – әр тамақтанғаннан немесе сү ішкеннен кейін құсу, егер құсу әрбір тамақ қабылдаудан болмаса, онда бұл қауіпқатер белгісі болып табылмайды.
Төртінші – бала летаргиялық күйде немесе ессіз болса. Летаргиялық күйде болатын бала, ұйықтамай, белсенді болудың орнына ұйқышыл. Бала ананың бетіне не онымен сөйлесетін адамның бетіне қара алмайды. Тіпті көп ұйықтайтын өте кішкентай бала, дыбыстарға көңіл аударуы тиіс (шапалақтар, әңгіме). Егер бала көп ұйықтаса және сіз онымен сөйлескенде немесе шапалақ соққанда жауап бермесе, сәл шайқалтып жіберіңіз. Егер бала шапалақ ұруына және ояту әрекеттерге жауап бермесе, ол ес-түссіз күйде
?2 аймен 5 жас арасындағы балада осы қауіп-қатер белгілерінің біреуі байқалса, шұғыл түрде жедел жәрдем шақыру немесе ауруханаға жеткізу керек. Бұл баланың өміріне қауіп төндіретін ауыр белгілер.