2023 жылғы Еуропалық иммундау апталығы: «вакцинация туралы сөйлесіңіз».


23-29 сәуір аралығында Павлодар облысында Еуропалық иммундау апталығы өтеді.
Өткізілетін иммундау апталығының міндеті халықтың жұқпалы аурулардың алдын алу және өмірді қорғау үшін иммундаудың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру, халықты вакцинациямен қамту деңгейін арттыру болып табылады.
Иммундау апталығын өткізу кезеңінде медицина қызметкерлерінің күш-жігері қандай да бір себептермен ұсынылған мерзімдерде профилактикалық егулерді уақтылы алмаған халықтың белгілі бір топтарын вакцинациялауға бағытталатын болады.
Қалада Еуропалық иммундау апталығы кезеңінде вакцинация тұрғылықты жері бойынша емханаларда тегін жүргізіледі.
Вакцинация туралы ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша емханаларға хабарласуға болады.


Читайте также: