медициналық оңалту бөлімшесі ашылды
2020 жылдың 5 қаңтарында Павлодар қаласының №3 емханасында оңалту емінің 3-кезеңін өткізу үшін 3 бағыт бойынша жұмыс істейтін медициналық оңалту бөлімшесі ашылды:
1) кардиология және кардиохирургия; 2) неврология (инсульт алған адамдар); 3) травматология-ортопедия. Оңалту бөлімшесі инсультке шалдыққан емделушілерге, жіті миокард инфарктінен кейінгі жағдайға, аортокоронарлық шунттаудан, стенттеуден кейінгі жағдайға, жамбас-сан буынын эндопротездеуден кейінгі жағдайдаларға бағытталған. Оңалту бөлімшесіндегі мультидисциплинарлық команданың құрамында реабилитолог, кардиолог, травматолог, невропатолог, ЕДШ нұсқаушысы, дефектолог, логопед, психолог, әлеуметтік қызметкер, массажисттер жұмыс істейді. Бөлімшеде 10 төсекке арналған 2 палата, емдік дене шынықтыру залдары, релаксация кабинеті, галокамера, инсульттан кейін пациенттермен айналысуға арналған логопед және дефектолог мамандарының кабинеттері бар.Пациент оңалту бөлімшесінде болған алғашқы күннен бастап мамандар науқастың жағдайын психологиялық және әлеуметтік бағалауды жүргізеді, денсаулығының психологиялық-әлеуметтік аспектілеріне байланысты бұзылулар дәрежесін анықтайды және әрбір пациент үшін емдеу мен оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлейді.Оңалту орталығының жұмысының негізгі бағыттары: психорелаксация, жеке және топтық емдік дене шынықтыру сабақтары, массаж, физиотерапия, арнайы тренажерлардағы сабақтар. Сөйлеу кемістігі бар пациенттер үшін логопед логопедиялық зондтарды пайдалана отырып логомассаж жүргізеді.Мамандардың жұмысындағы басты мақсат – адамның белсенділігін тез қалпына келтіру, яғни пациент жарақатқа, инфарктқа және т.б. дейінгі әрекетіне қабілетті болу және бұл үшін орталықта барлық қажетті жабдықтар мен тамаша мамандар бар.Оңалту бөлімшесінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға аяқ-қолдарын шынықтыру үшін тренажерлер, жүгіру жолы, веложаттығу, күш тренажері, швед қабырғасы, аяққа арналған басқылы тренажер, қолдарға арналған басқылы тренажер, аяқ-қолға арналған электрлі массажер, гантель, шеңберлер, доптар және т.б. түріндегі спорттық мүкәммалдар көзделген. Емдеу курсы нақты нозологиялық бірлікке, сондай-ақ аурудың даму сатысына байланысты өзгереді. Пациенттер барлық қызметтерді МӘМС және ТМККК шеңберінде тегін алады. Оңалту бөлімінде пациенттерді әлеуметтік оңалтуға және бейімдеуге ықпал ететін үйге жақындатылған барлық жағдайлар жасалған. Оңалту орталығы жұмысының екі айында 44 пациент емделді. Оның ішінде инфаркт пен АКШ – 26 адам, инсульт – 8 адам, жарақат алғандар – 10 адам. Инсульт, инфаркт, жарақаттар өміріне әсерін тигізген көптеген адамдар үшін оңалту бөлімшесінің қалыпты өмір салтына қайта оралудың мүмкіндігі. Өйткені барлық жағдай үй жағдайында жасалуы мүмкін емес, ең бастысы қысқа мерзімде оның дене қабілетін қалпына келтіре алатын тәжірибелі дәрігерлер командасын құру мүмкіндігі. Оңалту бөлімшесінің жұмысы кезінде дәрігерлер командасы жақсы нәтижелерге қол жеткізді.