«8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін» мерекелеуге арналған концерт

«8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін» мерекелеуге арналған концерт

 

Бүгін емханамызда «8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін» мерекелеуге арналған концерт өтті. Мекеме басшысы К.С. Кабулов біздің ұжымның әйелдер қауымын шын жүректен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Осыдан кейін кешіміз алдын алу және әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің дайындаған тамаша концертімен жалғасты. Мерекелік концерт барысында аталмыш бөлімнің мамандары өз өнерлерімен тәнті етті. Бұл кеште би де, ән де, қойылым да, ең бастысы, көтеріңкі көңіл күй де болды. Іс-шара көрермендердің көңілінен шықты.

Құрметті, әйелдер қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

P1110224 P1110227 P1110234 P1110238 P1110243 P1110246 P1110282


You may also like...