Қазақ тілін оқыту туралы…
Қазақ тілін оқыту туралы…
Әрбір мемлекет үшін мемлекеттік тілі елдігінің айнасы іспеттес аса қымбат байлығы. Себебі, тілі жоғалса, елі де жоғалады. Сол себепті, «Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы» қабылданды. Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу орындарында, мемлекеттік қызмет пен қоғамдық саяси, әлеуметтік кәсіпкерлік саласында батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажеттілігіне айналдыру. Осы құжатта «Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру арқылы Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру көзделеді. Бұл жүйенің өзегінде үшқұрамды негіз бар – мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру, оқытудың инфрақұрылымын кеңейту және мемлекеттік тілді меңгеру процесін ынталандыру. Аталған тәсіл бірінші бағыттың үш міндетін айқындайды». Осы заң аясында біршама бастамалар қолға алынып жатыр. Мәселен қазақ тілі тек мектептерде ғана емес, сондай-ақ өндіріс орындарында да оқытылады. Н.Назарбаев өз сөзінде былай деп айтады: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде жатыр. Қазақ тілі әлі бірте-бірте мемлекеттік қызметте, экономика мен өмірдің барлық саласында басымдық танытатын болады». Ендеше, қазақ тілін үйренуге барша медицина қызметкерлерін шақырамыз!!!
Қазақ тілін енгізу, саралау және дамыту
бойынша маманы
Б.Ж. Карменова
байланыс тел: 87073712115, ішкі – 321